Сәбиін өртеп жібергендерге қатысты үкім өзгеріссіз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәбиін өртеп жібергендерге қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Сәбиін өртеп жібергендерге қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Қарағандыда екі жасар қызын өлтіргені үшін бүлдіршіннің туған анасы мен өгей әкесіне қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша шыққан үкім өзгеріссіз қалды.

  • 12 Шiлде 2017
  • 452
Фото - Caravan.kz

Азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар, тергеу нұсқасы бойынша, қақаған қыс айында екі жасар қызын көшеде қалдырған. Содан кейін оның қатып қалған мүрдесін Қарағанды шетіндегі саяжайдың бірінде пешке салып өртеп жіберген, деп хабарлайды Қазақпарат.

Іс материалдарында 2014 жылы туған қызды 2016 жылғы ақпанда Қарағанды мен Үштөбе кенті арасындағы алаңқайға қалдырып кеткен. Ер адам ілесе алмай келе жатқан өгей қызын күтпей, адымын жылдамдатқан. Қыз әкесінің артынан жүгіріп жүріп, кейін ізінен жаңылып қалған. Мас болған шешесі қызын бірден іздей қоймаған, таңертең ғана олар қыздың алаңқайда әкесіне ілесе алмай қалып қойғанын біледі. Олар баланы өлі күйінде тапқан. Содан кейін баланың денесін сайжайға әкеліп, пешке салып өртеп жіберген.

Еске сала кетейік, Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Исламхан Есенбаев Владимир Зеленыйды ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша, ал оның бірге тұратын әйелін ҚР ҚК 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша айыпты деп тапты.

«Айыпкер Зеленый Владимир Валерьевич айыпты деп танылсын және алғашқы бес жылын түрмеде өкізіп, қатаң режімдегі колонияда 23 жыл жазасын өтеу үкімі шығарылсын. Сондай-ақ, алдын ала маскүнемдіктен емдеу шарасы тағайындалсын. Жауапкер Драган Иляна Васильевна кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылсын және жазасын өтейтін жерде алдын ала маскүнемдіктен емделсін», — деп үкімді оқып берді судья Исламхан Есенбаев.


Ер кісі мен әйел адам маскүнемдікке салынып, спирттік ішімдікті асыра пайдаланғандықтан, бүлдіршінді қай күні өлтіргендерін нақты білмейді. Екі кәмелетке толмаған бала (бірі екеуінің ортақ баласы) балалар үйіне берілді. Жеті жасар қызы балалар үйінде бес жылдан бері тәрбиеленіп келеді. Ал, кіші ұлы мемлекет қамқорлығына алынды.

#өртеп жіберген #үкім
Соңғы жаңалықтар