Сафар Шәкеевті жерлеу рәсімі ертең өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сафар Шәкеевті жерлеу рәсімі ертең өтеді

Сафар Шәкеевті жерлеу рәсімі ертең өтеді

 

  • 28 Шiлде 2016
  • 454
Фото - Caravan.kz

Сафар Шәкеевтің денесі  29 шілде күні жер қойнына тапсырылатыны жөніндегі мәліметпен  марқұмды  іздеуге ат салысқан Виктория Момынбаева әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлады  Caravan.kz.

«Сафар Шәкеевті жерлеу рәсімі ертең — 29 шілде күні таңертеңгі сағат 09:30-дан 11:00 аралығында «Қазақконцерт» залында болатынын қайғыра отырып, хабарлаймыз. Мекенжайы: Абылай хан даңғылы 83, Әйтеке би көшесінің қиылысы», — деп жазды В. Момынбаева.

Еске сала кетсек, белгілі композитор Еркеш Шәкеевтің  ұлы Сафар Шәкеевтің мәйіті бүгін сағат 11.00 шамасында Алматыдағы Есентай өзенінде, Тимирязев пен Бұхар жырау көшелерінің аралығынан табылды. Оның өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-дәрігерлік сараптама тағайындалды. Ал, қорытындысы қашан дайын болатыны әзірге белгісіз. 

Сафар Шәкеевті соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы "Казкоммерцбанк" орталық бөлімшесінде таңғы сағат 7.00-де көргендер бар. Оның содан кейін із-түссіз жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ішкі істер басқармасына 16 шілдеде келіп түскен.


 

Соңғы жаңалықтар