Сағадиев 2017 жылы енгізілетін ҰБТ жаңалықтарын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сағадиев 2017 жылы енгізілетін ҰБТ жаңалықтарын түсіндірді

Сағадиев 2017 жылы енгізілетін ҰБТ жаңалықтарын түсіндірді

Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілетін жаңалықтарды түсіндіріп берді.

  • 27 Қыркүйек 2016
  • 2002
Фото - Caravan.kz

«Қазір ҰБТ бойынша түпкілікті жоба әлі жоқ. Ол педагогикалық қоғамдастық талқылауына ұсынылады. Жалпы, жоба талқылауға дайын тұр. Ол мектептерде бірнеше пәннен түлектердің емтихан тапсыруына қарастырады. Ал ҰБТ  жалғыз ғана, сұрақтар құрылымы өзгеріске ұшырайды», —  деді ол.

Оның нақтылай түсуінше, жобада 100-ден астам сұрақтың болуы көзделген.

«Оның 60 сұрағы математикаға, жылдам оқуға, түсінуге қатысты болады. Ол барлығына да бірдей. Талапкердің болашақта таңдайтын мамандығына қатысы бар 60 сұрақ  30 сұрақтан 2 блогқа бөлінген.  Егер шартты түрде айтар болсақ, түлек медицинаға түсетін болса, онда ол 60 стандартты сұраққа жауап береді. Оның 30 сұрағы биологияға, ал келесі 30-ы химияға қатысты. Ұпай жинайды. Қалған процедура айтарлықтай өзгеріссіз қалады»,-  деді Е.Сағадиев. 

Оның сөзіне қарағанда, бұл жоба қазігі уақытта толықтай дайын және педагогикалық қоғамдастықтың шағын бөлігіне талқылауға берілген.


«Талқыланғаннан кейін біз жобаны ҚР БҒМ сайтында жариялап, пікір қабылдай бастаймыз», — деді министр.

Соңғы жаңалықтар