Сағынтаев ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министріне ескерту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сағынтаев ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министріне ескерту жасады

Сағынтаев ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министріне ескерту жасады

Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғановқа ескерту жасады. 

  • 8 Тамыз 2017
  • 321
Фото - Caravan.kz

Айтуғанов сейсенбіде үкімет отырысында баяндама жасап болып, орнына бара жатқан кезде Сағынтаев баяндамаға қатысты сұрақ қоймақ болды. 

"Жұмыспен нәтижелі қамтылу бағдарламасы бойынша АНК қаражатын игеру, бесінші слайд. Бар болғаны бес облыста 60%-дан астам,  қалғандары төмен. Мәселе неде? Қайрат Қаппарұлы, мен сізге сұрақ қойып отырмын, ал Сіз залда қыдырып жүрсіз", — деді Сағынтаев Айтуғановқа. 

"Бізде игеру… ", — дей бергенде вице-министр. 

"Енді отырып жауап бере беріңіз, не үшін тұрдыңыз?", — деді премьер. 

"Мен сізден себебін сұрап отырмын, бес облыста ғана 60%-дан асады. Жамбыл облысынан бастап — 47%, Маңғыстау – нөл. Себеп неде? Сіз анықтадыңыз ба?", — деп жалғастырды Сағынтаев. 

"Маңғыстау облысында "Аграрлық несие корпорациясының" филиалы жоқ, олар Атыраудан несие алады. Сондықтан біз бұл мәселені қарап, облыс әкімдерімен тығыз жұмыс жасап отырмыз", — деп жауап берді вице-министр. 

"Барлығын Маңғыстаудан Атырауға қуғанша, ол жаққа Астанадан адамдарды жіберген жеңілірек болар еді. Бұл мүмкін емес қой. Адамдарды рационалды бөлмейсіздер. Қалғандары ше?", — деп сұрады үкімет басшысы. 


"Шығыста игеру бойынша мәселелер болды, бүгінде біз директор мен директордың орынбасарын ауыстырдық. Ол жерде біздің тараптан менеджмент дұрыс жұмыс істемеді. Біз оларды жұмыстан шығарып, жаңа менеджмент қойдық. Ақмола облысы бойынша проблема болмайды деп ойлаймын. Солтүстік Қазақстанда да шешім қабылдадық, ол жерде жаңа директор жұмыс істеп отыр", — деп жауап берді Айтуғанов. 

"Яғни бүгін біз талап еткен көлемде міндеттерді атқаруға дайын кадрлар алынбаған болып тұр ғой? Кім болса соны жұмысқа алған жарамайды", — деп түйді Сағынтаев. 

 

Соңғы жаңалықтар