“Сағызыңды бере тұршы, сәл шәйнаған соң берем” деп, кезек-кезек шайнаған кездер болды - Жазира Байырбекова бала күнін еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Сағызыңды бере тұршы, сәл шәйнаған соң берем” деп, кезек-кезек шайнаған кездер болды - Жазира Байырбекова бала күнін еске алды

“Сағызыңды бере тұршы, сәл шәйнаған соң берем” деп, кезек-кезек шайнаған кездер болды - Жазира Байырбекова бала күнін еске алды

Танымал әнші Жазира Байырбекова балалық шағын еске алды

  • 15 Қараша 2021
  • 2466
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

“Сағызыңды бере тұршы, сәл шәйнаған соң берем” деп кезек-кезек шайнаған кездер болды.

Біріміздің қасығымызбен біріміз жей салатынбыз.

Аналарымыз ,әпкелеріміз,басқа да үйдің үлкендері аузымызға тамақты шайнап беретін ауылда туылдым ғой.
Көрші үйден томат, 3-4 түйір картоп сұрап алып, тамақ жасай салатын да кездер болған.
Бауырсақ пісірсек, міндетті түрде көршінің үйіне апарып беретінбіз.
Оның өзі бізге қуаныш сыйлайтын еді…
Мен сияқты ауылдың адамдары болса қол көтеріп қойыңыздаршы", деп жазды әнші желідегі парақшасында. 

"Қайран заман-ай, сол кундер жаксы кундер екен ,алансыз,уйкы тыныш ,уайым жоқ", "Көршімізден 1нан бере тұрыңызшы, нан жапқан соң әкеп берем деп бір бірімізден сұраушы едік….Даже, тұз, спичканы ауысып сұраушы едік. Қазір ол заман жоқ!", "Қазіргі бір үйдің балдары бірінің қасығымен тамақ жемейді жуып бер деп .сағыз шайнамақ түгіл", деп жазды әншінің оқырмандары. 


Соңғы жаңалықтар