«Саясат ол жасанды орта, бетперде киіп жүруден шаршадым»: Ринат Зайытов депутаттықтан қашан кететінін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Саясат ол жасанды орта, бетперде киіп жүруден шаршадым»: Ринат Зайытов депутаттықтан қашан кететінін мәлімдеді

«Саясат ол жасанды орта, бетперде киіп жүруден шаршадым»: Ринат Зайытов депутаттықтан қашан кететінін мәлімдеді

Ринат Зайытов халықтан да, биліктен де түңілді.

  • 29 Сәуiр
  • 41
Фото: ашық дереккөз

Айтыскер ақын, мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «Білген дұрыс» бағдарламасына берген сұқбатында депутаттықтан қашан кететінін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

«Министрлікте отырғандардың көпшілігі ұлтқа жаны ашымайды. Халықты ойлайтын адамның түрінен де, ісінен де көрініп тұрады. Шырылдап жүгіріп жүреді. Олар тіпті көрінбейді. Алайда, шын жанашырлар саясатта ұзақ жүре алмайды. 

Мемлекет алдында, халық алдында берген уәдем болды. Депутаттыққа сайланғанымның басты мақсаты – халықтың мұңын жеткізу. Сол арқылы сайландым, қазір міндетімді атқарып келемін. Өкілеттік мерзімім аяқталған соң, бір жолата кетіп, шығармашылыққа ауысамын. Ешкім ренжімейтін шығар. Сайлау болмағанда, кітаптарымды жарыққа шығарар едім. Бір емес, үш кітап дайын дұр. Біріншісі — айтыстарым. Екіншісі -өлеңдерім. Үшіншісі — ой толғау»,- деді депутат. 

Депутаттықтан кетуге асық екенін бірнеше себеппен байланыстырады. Біріншіден, өнер адамы. Екіншіден, 5 жылдан соң мерзімі аяқталады. Үшіншіден, саясат пен саяси орта шаршатқан. 

Сондай-ақ ол журналистің сұрағына жауап бере отырып, Президент болуға ұмтылмайтынын жеткізді. Дегенмен, халық дәл осы Ринат Зайытов келесі президент болуға лайықты деп санайды. Алайда, депутат Президент қандай қиындықпен кездесетінін жақсы білгендіктен, шамасы келмейтінін айтты.

«Адам хайуандықты көп жасаған сайын адамгершіліктен алыстайды. Саясат ол жасанды орта. Бетперде киіп жүретін орта. Сондықтан мен осындай ортада көп жүргім келмейді. Өз болмысымды жоғалтқым келмейді.

Ар-ұяты жоқ министрлерді жауапқа тартпағандықтан, халықты ойлап жүрген олар жоқ. Заң жетеді. Жазалау керек. Сонда ғана олар қояды. 

30 жылда қалыптасқан ортаны бұзу оңай емес. Әбден тамырлап бітісіп кеткен. Осы «Ескі Қазақстанның» шенеуніктері позицияларын жоғалтпас үшін қазіргі Президенттің беделін түсіру жұмыстарына кірісіп кеткен сияқты. Бұл менің ойым. Өздеріне тиімді заң шығарып алған, кезінде, дәл қазір сол заңдар өзгеріп жатыр. Ал олар ақшасын, қолындағы билігін жоғалтқысы келмейді. Сол себепті су тасқыны орын алды, былтырғы өрт болды.

Тақ талас кезінде халық ең соңғы кезекте еске түседі. Еске түссе де, тек құрал ретінде. Атам қазақ бекер айтып кеткен жоқ: «Мойныңда қан болмаса, хан болмайсың», — дейді Ринат Зайытов. 

Соңғы жаңалықтар