Сайлау 2023: сайлауалды үгіт материалдарын сайтқа орналастыру шарттары - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлау 2023: сайлауалды үгіт материалдарын сайтқа орналастыру шарттары

Сайлау 2023: сайлауалды үгіт материалдарын сайтқа орналастыру шарттары

Мәжіліс және маслихат сайлауына қатысатын кандидаттарға Caravan.kz медиа порталы интернет-алаң ұсынады.                            

  • 9 Ақпан 2023
  • 45
Фото - Caravan.kz

                                                 АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың 2023 жылғы 19 наурызда тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу мақсатында үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-кеңістікпен қамтамасыз етудің жалпы шарттары.

Осы арқылы «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) – «CARAVAN.KZ Медиа-порталы» ақпараттық агенттігінің (бұдан әрі – Портал) иесі Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың 2023 жылғы 19 наурызда тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу үшін сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыруға интернет-кеңістікпен қамтамасыз етудің жалпы шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері жайлы хабарлайды.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат партиялық тізімдерді және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлаудан бір күн бұрын жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Осылайша, үгіт материалдарын эфирге орналастыру 2023 жылғы 18 ақпандағы сағат 18.00-ден кейін 2023 жылғы 18 наурыз сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Серіктестік үгіт материалдарын орналастыруды Порталда мақалалар, баннерлер орналастыру арқылы жүзеге асырады.

Үгіт материалдарын орналастыру Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу үшін партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар, Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттар (немесе олардың өкілдері) арасында Серіктестікпен жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.

Депутаттыққа кандидаттың немесе оның сенімді өкілінің, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияның уәкілетті өкілінің Серіктестік басшысының атына жазбаша өтініші шарт жасасуға негіз болып табылады. Өтініште үгіт материалдарының саны, күтілетін мерзімі және орналастыру әдістері туралы ақпарат көрсетіледі, әрі олар кейіннен шартта бекітіледі. Өтініш депутаттыққа кандидаттардың немесе партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір мен өтініштің қабылданған күнін беру арқылы тіркеледі.

Жазбаша өтінішке келесі құжаттар қоса берілу қажет:

1) депутаттыққа кандидаттың немесе партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) депутаттыққа кандидаттың немесе партиялық тізімдерді ұсынған саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) тұлғаның шарт жасасуға өкілеттілігін растайтын құжаттар.

Жазбаша өтінімдерді Серіктестік мына мекенжай бойынша қабылдайды: Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 185, 5-қабат (қабылдау), демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 2023 жылғы 14 ақпаннан бастап 2023 жылғы 16 наурыз аралығында, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін.

Факсимильді және деректерді беру желісі бойынша жазбаша өтініштер қабылданбайды.

Үгіт материалдарында оларды төлеу және қаржыландыру көздері туралы мәліметтер, ақпаратты берген тұлғаның аты-жөні көрсетілуі тиіс.

Үгіт материалдарын орналастыру тәртібін Серіктестік жазбаша өтініштерді қабылдау тәртібімен немесе өтініштер бір мезгілде түскен жағдайда жеребе бойынша белгілейді. Жеребе тарту тәртібі мен шарттарын Серіктестік белгілейді.

Егер жазбаша өтініш түскен кезде сұралған орналастыру әдістері бұрын өтініш берген басқа депутаттыққа кандидаттарға немесе партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға ұсынылса немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты ұсынылуы мүмкін болмаса, Серіктестік депутаттықа кандидат немесе партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияның үгіт материалдарын орналастырудың басқа орнын, уақытын ұсынады.


Үгіт материалдарын беру тәртібі

Үгіт материалдары Серіктестікке қазақ және/немесе орыс тілдерінде, дайын түрде, шартта көзделген мөлшерде ұсынылады және Серіктестікке сайлауалды үгіт жүргізуге мүмкіндік беру туралы шартқа қол қоюуға уәкілетті тұлғаның қолы қойылуы тиіс.

Үгіт-насихат материалдары Серіктестікке Порталда жарияланғанға дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады. Серіктестік үгіт материалдарында конституциялық құрылымды күштеп өзгерту, Республиканың тұтастығына нұқсан келтіру, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни алауыздық тудыратын идеялар, таптық және рулық өшпенділік, қатыгездік пен зорлық-зомбылық, сондай-ақ заңда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруды көрсе заңда көзделген басқа да негіздер бойынша қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Серіктестік үгіт материалдарында өзге депутаттыққа кандидаттардың немесе партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер болса, оны беруден бас тартуға құқылы. Депутаттыққа кандидат немесе партиялық тізімдерді ұсынған саяси партия Серіктестік талабы бойынша үгіт материалдарындағы жоғарыда көрсетілген сипаттағы мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Депутаттыққа кандидат немесе партиялық тізімдерді ұсынған саяси партия үгіт материалдарына, олардың мазмұнының Қазақстан Республикасының, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған, сондай-ақ тиісті келісімнің талаптары бұзылған жағдайда үгіт материалдарын орналастыру жүргізілмейді немесе кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатылады.

Үгіт материалдарын орналастыру құны:

• Порталда жиектегі баннерді (300*400 – desktop, 300*250 – mobile) орналастырудың 1000 көрсетілімі үшін ҚҚС қоса есептегенде 700 (жеті жүз) теңге;

• Порталда жоғарғы баннерді ((1170*90 – desktop, 320*100 – mobile) орналастырудың 1000 көрсетілімі үшін ҚҚС-ты қосқанда 600 (алты жүз) теңге;

• Мақаланы Порталдың жаңалықтар лентасында орналастырғаны үшін ҚҚС қоса алғанда, 75 000 (жетпіс бес мың) теңге;

• Мақаланы Порталдың басты бетіндегі «Басты жаңалықтар» блогында 1 күн орналастыру үшін ҚҚС қоса есептегенде 500 000 (бес жүз мың) теңге;

• Мақаланы Порталдың басты бетіндегі «Басты жаңалықтар» блогында 3 күн орналастыру үшін ҚҚС қоса есептегенде 700 000 (жеті жүз мың) теңге.

Жасалған шарт бойынша үгіт-насихат материалдарын орналастыруға ақы төлеу Серіктестік берген шот-фактура негізінде осындай шот-фактура берілген күннен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде жүзеге асырылады.

Порталға арналған үгіт-насихат материалдары техникалық талаптарға сай болуы керек:

Графикалық суреттер:

Файл түрі: JPEG, PNG, GIF

Файл көлемі: 65 КБ-дан аспау керек

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген сайлауалды үгіт-насихат жүргізуді жүзеге асыру әдістерін ұсынудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

 

«Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС

 

Соңғы жаңалықтар