Сайлау күні ауа райы қандай болмақ? - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлау күні ауа райы қандай болмақ?

Сайлау күні ауа райы қандай болмақ?

Синоптиктер  8-10 маусым күндері ауа райы қандай болатынын айтты.

  • 7 Маусым 2019
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа понрталы Қазгидрометке сілтеме жасап, хабарлайды.

Қазақстанның көптеген облыстарындағы жаңбырдың жаууы терең және өте белсенді циклон, және онымен байланысты атмосфералық фронттар себеп болды. Республиканың шығыс және оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты және өте қатты жаңбыр өтті.

Алдағы үш тәулікте циклон және онымен байланысты фронттар шығысқа жылжып, бұрыңғыдай найзағаймен өткінші жаңбыр, шығыста және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Тек батыста, 9-10 маусымда солтүстік-батыста антициклонның таралуымен жауын-шашынсыз болады, күндізгі ауа температурасы плюс 28…33°С дейін, кей жерлерде 35…38°С дейін ысыйды.