Сайлау несімен есте қалды? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлау несімен есте қалды?

Сайлау несімен есте қалды?

 

  • 10 Маусым 2019
  • 77
Фото - Caravan.kz

Еліміздегі кезектен тыс президент сайлауына 11 млн 947 мың 995 адам қатысуға ниет білдірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда бюллетеньдер саны одан 1% көп дайындалды. Ал ең қарт сайлаушылардың бірі Ақтөбе облысында тұрады. 104 жастағы Жақыбай Бисенғалиева өз сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келді, таңдауын жасады. Биылғы кезектен тыс президент сайлауы тағы несімен ерекшеленді?

Өткенге көз жүгіртсек, тура екі ай бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Көзді ашып-жұмғанша межелі уақыт келіп жетті. Қазақстандықтар өз таңдауын жасады.

Бұл сайлау шымкенттік Қабылбаевтар әулеті үшін ұмытылмайды. Өйткені Мақсат пен Камилла күні кеше шаңырақ көтеріп, жас отбасы ретінде мемлекетіміздің президентін таңдауға үлес қосты. Шағын мемлекет үлкен Қазақстанға тірек болып қаланары хақ. Шымкенттегі №37 сайлау учаскесіне келген жас жұбайлар дұрыс таңдау жасағандарына сенімді.

Мақсат Қабылбаев, қала тұрғыны:

— 9 маусым енді осындай мейрам күніне түсіп отыр. Тойымыз әрі сайлау күні. Сол уақытымыз аз болса да, осы сайлауға келіп, өзіміздің келешек болашағымызға дауыс беріп кетейік дедік. Бұл ұрпағымыз әрі келешегіміз үшін. Сол үшін сайлауға келіңіздер, дауыс беріңіздер.

Еліміздегі сайлаушылардың дені жастар. Бірақ қазыналы қарттарымыз да байырғы әдетінен жаңылмай, азаматтық таңдауын жасады. Елордалық майдангер Казис Жолдыбаев солардың бірі. 95 жастағы ардагер өз үйіне №50 сайлау учаскесінің мүшелерін шақырған. Казис Жолдыбаев 1943 жылдан бастап соғыстың соңына дейін Байкал жағалауы майданындағы 298-ші атқыштар дивизиясының құрамында болған. Жапон соғысына да қатысты. Кейін ұзақ жылдар бойы ішкі істер саласында қызмет етті.

Казис Жолдыбаев соғыс ардагері:


— Халыққа тілейтінім, ғұмыр жастары ұзақ болсын, қызметтері өсе берсін.

Сайлауға қатысу әркімнің азаматтық борышы. Оған нұқсан келтіруге ешкімнің қақысы жоқ. Сондықтан биылғы байқаушыларға мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайды жіті бақылау міндеттелді. Қостанайда кембағал жандар үшін дауыс беру  орындары дайындалған. Өңірде  27 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Олардың 200-і, яғни тірек қимыл аппараты бұзылғандар, сайлау учаскелеріне арнайы көлікпен жеткізілді.

Аруна Жақсығұлова, сайлаушы:

— Өзім келіп отырмын. Менің мақсатым, арманым сол келген президентіміз халықтың жағдайын, қарапайым адамның жағдайын ойлап, жақсартса екен деп отырмын.

Айтпақшы, Президент сайлауына 13 мыңнан астам шетелдегі қазақстандық қатысты. Ал Жапония мен Кореядағы отандастарымыз Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 4:00-тен бастап өз таңдауын жасаған. Күншығыс елінде жүзге тарта Қазақстан азаматы дауыс берді.

Ільяс Құрманғали, студент:

— Мен студентпін. Мен үшін бұл шетелдегі алғашқы сайлау. Жапонияда оқып жүргеніме бір жарым жыл болды. Бүгін сайлауға ертерек келіп, азаматтық ұстанымымды білдіргім келді. Әрбір қазақстандық өзі лайық деп санаған үміткер үшін дауыс беруі тиіс. Өйткені дауыс беру арқылы, еліміздің болашағын айқындаймыз. Сондықтан азаматтық көзқарасымды білдіру маңызды деп білемін.

Сайлау күні алғаш рет дауыс беріп, азаматтық міндетін мыңдаған жас өтеді. Ертеңге деген ізгі үміт пен күдік тоғысқан қызықты, маңызды әрі жауапты сайлау көпшіліктің жадында осылай қалды.
 

Соңғы жаңалықтар