Сайлауда әншілер ауыл халқының көңілін көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлауда әншілер ауыл  халқының көңілін көтерді

Сайлауда әншілер ауыл халқының көңілін көтерді

Сайлауға келген жұрт әншілер мен өнер ұжымдарының концерттерін тегін тамашалады. Ауыл-аймаққа елге танымал жұлдыздардың аяғы жетпесе де, жергілікті әртістер барын салып, халықтың көңілін көтеріп жатыр.  

  • 27 Сәуiр 2015
  • 198
Фото - Caravan.kz

Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы сайлау учаскесі аудандық мәдениет үйінде орналасқандықтан, оның қызметкерлері ауылдастарына музыкалық тарту жасауды ұйғарыпты. Дәл бүгінгі концертке олар өз репертуарларын саяси науқанмен байланыстырып, тыңғылықты дайындалған. Көбіне туған жерге деген сүйіспеншілік тақырыптарындағы туындылар шырқалды. Өз  таңдауын жасаған тұрғындар олардың өнерлерін тамашалап, алаңнан кетпей тұрды. Осылайша концерттік бағдарлама жоспарланған уақыттан біршама ұзаққа созылып, әнші-бишілер тіпті киімдерін де ауыстырып үлгермей жатты.