Жарияланды: 440

Сайлаудан үш күн бұрынғы жағдаймен елімізде мәслихат депутаттығына кандидат ретінде 7034 адам тіркеуде тұр

17-қыркүйектегі жағдаймен елімізде барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттықтан кандидат ретінде 7034 адам тіркеуде тұр. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында айтылған.

1637 адам облыстық мәслихаттарға, 3482 адам аудандық, 1915 адам- қалалық мәслихаттарға депутаттықтан кандидат ретінде ат ұсынған. Сайлау кампаниясы басталғаннан бері 535 адам сайлауға қатысудан бас тартса, 4 адам сайлау комиссиясының шешімімен тіркеуден алынды, сондай-ақ, сайлау комиссиялары және сот шешімімен 18 кандидатты тіркеу қалпына келтірілді. Естеріңізге сала кетсек, мәслихат сайлаулары 2003-жылдың 20-қыркүйегіне белгіленген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін