Сайлауға байланысты Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлауға байланысты Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшеді

Сайлауға байланысты Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшеді

Сайлауға байланысты 7-12 маусым аралығында барлық полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді. 

  • 4 Маусым 2019
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Сайлау күні қарсаңында Қазақстанның барлық аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

"Нұр-Сұлтанда ғана емес, бүкіл ел бойынша қауіпсіздік шарасы ретінде 6 маусымға дейін "Құқықтық тәртіп" операциясы жүргізіледі. 7-12 маусым аралығында бүкіл полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді, өйткені елде сайлау өтеді", — деді ол.

Министр бұл шаралар қоғамдық қауіпсіздік үшін қабылданғанын жеткізді. "Бұл біреуден қорғану үшін емес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. 8-і тыныштық күні, үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынады, 9-ы сайлау, барлық жерлерде полиция патрульдері жұмыс істейді", — деп атап өтті Тұрғымбаев.

Тұрғымбаевтың айтуынша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 21 мың полицей жұмылдырылмақ. Кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Сайлау учаскелерінде дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.