Сайттар Ерке Есмахан сияқты жұлдыздар туралы ақпаратты еріккеннен жарияламайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайттар Ерке Есмахан сияқты жұлдыздар туралы ақпаратты еріккеннен жарияламайды

Сайттар Ерке Есмахан сияқты жұлдыздар туралы ақпаратты еріккеннен жарияламайды

 

  • 29 Шiлде 2016
  • 1037
Фото - Caravan.kz

Сайттарға таза біліктілік жолымен рейтинг жинау өте қиын. Бұл туралы "Жас қазақ" газетінің редакциясында өткен "Интернеттегі азаматтық қоғам" атты дөңгелек үстел барысында журналист Сәкен Көкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

"Өнер жұлдыздарына қатысты жеңіл тақырыптарды қозғамаңдар деп осындай жиындарда айтылып жатады. Олай деуге біздің хақымыз жоқ қой. Дәл қазір азаматтық қоғамға қатысты тақырыпты қозғап жатырмыз. Ал азаматтық қоғам — ерікті қоғам. Ол — бәрімізге ортақ алаң. Бұл жерде әркім өзінің шамасы келетін мәселелерді айтады. Ал оны мемлекет тарапынан тоқтату керек, оған тыйым салу керек деген дұрыс емес" дейді журналист.

Көкеновтің айтуынша, біздегі ақпараттық сайттар Ерке Есмахан сияқты өнер жұлдыздары туралы ақпараттарды еріккеннен салмайды. Яғни олар мұндай деректерді рейтинг жинау үшін жариялайды. Өйткені бүгінгі оқырмандардың, аудиторияның талғамы, деңгейі осыған сай болып тұр.

Журналист өз ойын: "Бізде кей сайттар жұмысын бастағанда,ең алдымен күрделі сараптамалық материалдарды беруге тырысады. Бірақ бәрібір рейтинг жинауы керек. Ал рейтингті таза біліктілік жолымен жинау өте қиын. Бұл жылдарға созылады, қырауар жұмысты қажет етеді. Сондықтан олар артынан аудиторияның ырқына жығылып кетеді. Сол себепті интернет-порталды немесе газетті "ақпаратты инстаграмнан, әлеуметтік желіден алдың" деп сөгуге болмайды" деп қорытты.


Айта кетейік, аталған дөңгелек үстел барысында айтылған пікірлер толығырақ "Жас қазақ" газетінің келесі жұмадағы (5.08.2016) нөмірінде жарияланады.

 

Соңғы жаңалықтар