Сәкен Майғазиев: Гликтің шошқалығына шыдамай, шіләпісін қайырып жіберер едім - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәкен Майғазиев: Гликтің шошқалығына шыдамай, шіләпісін қайырып жіберер едім

Сәкен Майғазиев: Гликтің шошқалығына шыдамай, шіләпісін қайырып жіберер едім

Күні кеше Қазақстан футбол құрамасы «Астана-Аренада» Польша құрамасымен кездесіп, 2:2 есебімен тең түскен еді. Ойын барысында отандасымыз Бауыржан Исламхан жарақат алып, құлап қалған.

  • 5 Қыркүйек 2016
  • 1059
Фото - Caravan.kz

Сол сәтте польшалық футболшы Глик аяғын Бауыржанның басына көтеріп, иығынан тепкен. Осылайша ол қазақстандық жанкүйерлердің ашуына тиді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Сәкен Майғазиев аталмыш жағдайға байланысты өз пікірін білдірді.

«Исламхан Бауыржан бауырымыздың алтын басын сасық аяғымен көтерген Гликтің шошқалығына шыдамай, шіләпісін қайырып жіберер ем. Сабырымды сабама сала алмай, қанымның басыма шапқанын-ай… Кім көрді?» – деп жазды танымал әнші желідегі парақшасында.

«Әттең стадионда болмадым, басына бөтелке жіберуші едім», «Өзінің тәрбиесіз екенін, мәдениеттен жұрдай адам екенін көрсетті. Исламханды көре алмаған-ау шамасы», «Дірілдеп әрең шыдадым, аренада болсам, ең болмаса бірдеңе лақтырар едім», «Алаңнан қуу керек еді», «Ереже бойынша Гликке қызыл карточка беруі керек қой», – деп жазды ашынған желі қолданушылары.

Ал Сәкен Майғазиев бүгін таңертең сабасына түскенін, полякты кешіретінін айтты.


«Осы ғой мені өртеп бара жатқан. Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Бірақ, ойланып-ойланып, кешіре салатын болып шештім. АЛЛА кешірімді ғой», – деді ол сол сәттен видео жариялап.

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр