Сәкен Майғазиев өзі сабақ беретін колледждің студенттерін тамақтандырып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәкен Майғазиев өзі сабақ беретін колледждің студенттерін тамақтандырып жүр

Сәкен Майғазиев өзі сабақ беретін колледждің студенттерін тамақтандырып жүр

Жасырмай-ақ қояйын, "МузАрт" тобындағы үш әншінің ішінде маған Сәкен Майғазиев көбірек ұнайды. Онда сахнада байқалып тұратын бір тазалық пен тентектік бар...

  • 10 Мамыр 2017
  • 3490
Фото - Caravan.kz

Жақында Сәкен Майғазиевтен сұхбат алған "КАРАВАН" газетінің тілшісі осылай деп жазыпты. Біз бұл орысша сұхбаттың бір бөлігін ғана қазақшаға аударып, оқырман назарына ұсынып отырмыз. 

— Бірде таксиге мінсем, ішінде үш жігіт отыр екен. Сөздерінен байқағаным – училищедегі сіз сабақ беретін топтың студенттері болып шықты. Енді мынадай сұрағым бар: училищеден алатын жалақыңызды студенттерге беретініңіз рас па?

— Иә. Бірақ бұл туралы айтудың қажеті жоқ шығар.

— Олар бұны маған емес, өз араларында айтты.

— Ол жердің айлығы болмашы ғана. Қателеспесем, 43 мың теңге болуы керек.

— Соны балаларға бересіз бе?

— Ол жерде мен жалақы үшін жұмыс істеп жүрген жоқпын. Училищеге сабақ бер деп талай рет шақырған. Бас тартумен келдім. Тек Бибігүл Нұрғалиқызының (Ж.Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінің директоры Бибігүл Нүсіпжанованы айтып отыр – ред.) бір сөзінен кейін көнуіме тура келді. «Сәкен, сен сабақ бересің» деді ол. Мен «Тәжірибем жоқ. Ештеңе білмеймін ғой» дедім. Сосын ол былай деді: «Медеу Арынбаев бас тартты. Басқалар да бас тартып жатыр. Сен де бас тарттың. Сонда өсіп келе жатқан ұрпақты кім оқытады? Сенің тәжірибең бар. Адаммен сөйлесе аласың. Кеңес бере аласың». Осыдан кейін ойланып қалдым…


— Түлектеріңіз бар ма?

— Иә, бірнеше. 15-і болды. Құдайға шүкір, бәрі құрметтейді, хабарласып тұрады. Айтпақшы, әлгі таксидегі студенттерге қатысты айта кетейін. Училищемізде буфет бар. Сонда ай сайын 50 мың теңге қалдырамын. Балалар тамақ жесін, асқазаны ауырып қалмасын деймін. Менің шәкірттерім ғана емес, басқа студенттер де барып, менің есебімнен тамақтана алады. Егер ақша жетпесе, айтады. Сосын тағы қосып төлеймін. Кейде артық ақша қалып қояды. Ол келесі айға қосылады. Әлгі жігіттер осыны айтқан болуы керек.

Соңғы жаңалықтар