Сәкен Майғазиев Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәкен Майғазиев Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы болып тағайындалды

Сәкен Майғазиев Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы болып тағайындалды

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ханзада Есенованың өкімімен "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" МКҚК директорының міндетін атқарушысы болып Сәкен Майғазиев тағайындалды.

  • 24 Желтоқсан 2020
  • 174
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Qamshy.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сәкен Қордабайұлы – Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Ол 1975 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген.

1993 жылы Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжінде "Соқпалы аспаптар және эстрада әншісі" бөліміне түскен.

1997 жылы Т.Жүргенов атындағы "Өнер" академиясының "Эстрада әншісі" бөлімі бойынша білім алған.


2001 жылдан бастап "МузАРТ" тобының мүшесі.

2012 жылдан бастап – Ж.Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз қызметін атқарды.

2018-2020 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар