Сәкен Майғазиев тоғыз тілде ән салғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәкен Майғазиев тоғыз тілде ән салғанын айтты

Сәкен Майғазиев тоғыз тілде ән салғанын айтты

Танымал әнші Сәкен Майғазиев тоғыз тілде ән шырқағанын тілге тиек етті. 

  • 27 Шiлде 2022
  • 141
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әншінің отау құрғанына 25 жыл болған. 

"Төрт жыл достасып (жүріп) 1997 жылдың 25 шілдесінде Торғайдың қызы Теріскейге келін болып түсті. Барлығы біз ойлағандай, сіз көргендей (кинодағыдай немесе ертегідегідей) бола қойған жоқ. Қуанышты да, қиындықты да қатар көріп келеміз. Бірде бар, бірде жоқ, бірде аш, бірде тоқ, дегендей… Жатақханадан жатақханаға, пәтерден пәтерге көштік. Қақаған қыста ұлтарақтай дүңгіршекте (киоск) түнеп, жаурап-жасынап нан сатқан күндеріміз де болды. Кірпіш зауытында жұмыс жасап, күзетшілік қызмет қылған кездерім де болды. Мейрамханаларда ән шырқап (тоғыз тілде), нәпақамызды тауып, АЛЛА тағала несібемізді еселенген сәттер де болды. "МузАРТ" тобы құрылып, үлкен сахнаға жолдама алдық.

Қасиетті халықтың қошеметін көрдік. Қандай ортада жүрмейін #жүрегініңішіндегіжүрегім қызғаныш деген қызыл иттің жетегіне ермеді. Ерледі. Қолдады. Қалықтау мен құлдырау күн мен түн құсап кезектесіп тұрады емес пе, бәрін бірге көтердік, көтере де бермекпіз, АЛЛА қаласа.

Жұрттардың үйіндегідей біздің үйде де ыдыс-аяқтың "сылдырап" тұратыны тағы бар. Біз де адамбыз ғой.)) Жұрт қатарлы біз де бұл белестердің бәрін бірге бойлап, биіктерге бірге бағыт алып келеміз. АЛЛА тағала алдағы қалған өмірімізді қайырлы, құтты еткей деп тілейміз. Бізге асқар тау әкелеріміздің, ақ жаулықты аналарымыздың ақ жолын беріп, алтын той, гауһар тойымызды тойлауды жазсын. Ал, бізден кейінгі жастарға біздің жарқын жолымызды ғана берсін деп тілейміз", деп жазды әнші. 


Әншіге оқырмандар мен әріптестері ізгі тілектарін жаудырды. 

Соңғы жаңалықтар