Сәйкен Сейфулиннің осы кезге дейін айтылмаған әнін орындап отырған 85 жастағы Мәриям Сәлкенқызы. Мәриям әжей бұл әнді алғаш рет Сәкен Сейфулиннің досы яғни әкесінен естіпті. Туған жері «Сарыарқаға» арналған туындыны ақын айдауда жүргенде жазған екен. «Халық жауы» деп атылып кеткен қайраткердің әнін Мәриям қария да көп алдында шырқауға қорқып, тек үйіндегі той-томалақта орындап келген. Енді бейбіт заманда ақынның ел естімеген әнін атадан балаға мирас етуді міндет санап отыр. Жақында құпия боп келген ән біріншірет үлкен сахнада орындалуы мүмкін.
Мәриям Сәлкенқызы: Астана қаласының тұрғыны:
—Ешкім айтпаған соң, оны жарыққа шығару керек. Ол өлең өзі қалай шыққан өлең? Ол өлең өзі айдауда жүргенде, түрмеде отырғанда жазған өлеңі. Оны жылап отырып жазды ма, елін сағынғанынан жазды ма білмеймін енді .