"Сәкенді сотқа беремін" Қайыңды көлінде матраста жатқан қыз мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сәкенді сотқа беремін" Қайыңды көлінде матраста жатқан қыз мәлімдеме жасады

"Сәкенді сотқа беремін" Қайыңды көлінде матраста жатқан қыз мәлімдеме жасады

 

  • 15 Сәуiр 2021
  • 1219
Фото - Caravan.kz

Қайыңды көлінде матраста жатқан қыз туралы оқиға өз жалғасын тапты, деп хабарлайды Сaravan.kz порталы zakon.kz ке сілтеме жасап. 

Атышулы видео қазақстандықтардың пікірін екіге жарды: біреулер Каринаның әрекетін қолдаса, тағы бірі, керісінше, мұндай видеолар Қазақстан табиғатына залал келтіреді деп санайды.

Бұл видеоға бірінші болып натуралист Сәкен Ділдахмет пікір білдірді.

Экология, мәдениет министрлері және премьер-министр, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бұқаралық туризмге жатпайтынын қашан түсінесіздер? Егер ол суға батып кетсе, не болар еді? Онда оны ешкім де құтқара алмас еді. Ал су тым суық. Өкінішке орай, біздің отандастарымыз қай бір сурет немесе видео үшін осындайға барып жатады. Видео авторы оны туризмді дамыту мақсатында түсіргенін жазыпты. Сонда қай басыңызбен ойладыңыз? Бүгін матрас, ал ертең қайық және басқалары пайда болады ғой ол арада. Өйтсе көлдің басты ерекшелігі — батып бара жатқан орманның сұлулығын жоғалып алуымыз мүмкін, — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Кейінірек Экология министрлігі бұл видео ерекше табиғатқа деген құрмет танытпау қатынасын байқатады деп атап өтті.

Ал видеодағы қыздың өзі болса, Сәкен Ділдахметпен соттаспақ ниетте.

Сәкеннің үндеуі менің ар-намысыма, абыройыма нұқсан келтірді. Ол біздің іс-әрекетімізді цирк пен Brazzer порно студиясымен салыстырды. Құрметті Сәкен, енді біз сізбен бұл мәселені сот арқылы шешеміз. Өркениетті елдердегідей, — деді ол видеоүндеуінде.

Соңғы жаңалықтар