Жарияланды: 440

С.Ахметовтың қорғаушылары сот залындағы мінбердің орнын ауыстыруды сұрады

С.Ахметовтың қорғаушылары сот залындағы мінбердің орнын ауыстыруды сұрады

Қоғамның назарындағы Серік Ахметовқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, - деп хабарлады http://24.kz/.

23.3999996185303px;"> 

Қазір жәбірленушілерден жаппай жауап алынуда. Әзірге олардың саны 25 адам. Сот отырысы таңертеңгі сағат 10:00-да басталды. Экс-премьер Серік Ахметовтің қорғаушылары сот залындағы мінбердің орнын ауыстыруды сұрады. Жәбірленушілерден жауап алғанда олардың бет-жүзі көрінбейді деген уәжді алға тартып отыр адвокаттар. Дәл қазір Қарағандының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевке қатысты эпизод қарастырылуда. Тергеу нәтижесі бойынша, 2012 жылы Әбдішевтің қаражатына құйматастар шығаратын зауыт салынған. Сөйтіп мемлекеттік сатып алуларда тек аталған зауыттың ғана өнімін алу талабы қойылған. Нәтижесінде өзге зауыт иелері 7,5 миллион теңге пайдадан қағылған. Естеріңізге сала кетейік, бұл атышулы сот отырысы шілденің аяғында басталған болатын. Серік Ахметовпен қатар 20 адам айыпталуда. Олардың арасында облыстың және қаланың бұрынғы әкімдері Бауыржан Әбдішев пен Мейрам Смағұлов та бар. Жоғары шенді шенеуніктерге жемқорлыққа жол беріп, мемлекет қаржысына қол салды деген айып тағылуда. Күдіктілерді 50 бірдей адвокат қорғап жатыр. Бір ғана экс-премьердің басында 5 қорғаушы бар. Қылмыстық іс 340 томнан тұрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін