Сахнаның 70-80 пайызы оқымаған, сауаты жоқ, не сынды, не ойды көтере алмайтын әншілер" - Ақбота Керімбекова - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сахнаның 70-80 пайызы оқымаған, сауаты жоқ, не сынды, не ойды көтере алмайтын әншілер" - Ақбота Керімбекова

Сахнаның 70-80 пайызы оқымаған, сауаты жоқ, не сынды, не ойды көтере алмайтын әншілер" - Ақбота Керімбекова

Ақбота Керімбекова өнерде жүрген жас әншілерді мойындамайтынын мәлімдеді. Айтуынша, қазіргі жастар қазақтың әні мен поэзиясын жете бағаламайды. Ол сахнада жүрген өнерпаздардың 70-80 пайызын "оқымаған, сауатсыз әнші" деп бағалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап. 

  • 29 Шiлде 2022
  • 653
Фото - Caravan.kz

"Қазір өнердің қадірі кеткен уақыт болып тұр. Жалпы қазақ әнін, қазақ үнін, поэзиясын, небір ақындарын қазіргі жас әншілер бағаламағаннан кейін, мен оларды еш мойындай алмаймын. Мойындағым да келмейді. Бәлкім ол жастық та шығар. Біз де туыла салып ақылды болған жоқпыз. Өзі өмірді сүре келе, бірде құлайсың, бірде тұрасың. Сол оймен адам жаймен өзі түйінге келеді. Жалпы өмірдің қаірін 40-тан асқаннан кейін жаймен түсінесің", — деді Керімбекова.

Әншінің айтуынша, қазір сахнада жүрген өнерпаздардың 80 пайызға жуығы "оқымағандар".

"Өз басым өнерді оқыдым. Музыкалық мектепті, өнер академиясын бітірдім. Өзімді керемет деп санағанымнан емес, бірақ кәсіби сауатты әншімін деп ойлаймын. 

Бірақ әлгіндей әншілерді халық өзі көтермелейді. Тойға, концертке шақырады. Сондайды көргенде, мен зейнетке шығамын ау деп ойлаймын. Онда консеватория, өнер академиялары неге керек? Жаба салайық. Сахнаның 70-80 пайызы оқымаған, сауаты жоқ, не сынды, не ойды көтере алмайтын әншілер", — деді Ақбота.

Әншілерге ел тарапынан "халықтың арқасында шалқып жүрсің" деген сыни сөз жиі айтылады. Керімбекова бұл айыпты ауыр қабылдайтынын атап өтті. 


"Рас, біз халықпен тығыз байланыстымыз. Тек әншілер ғана емес, сіздер де (журналистер), халық болмаса, кімді көрсетесіздер, кімді насихаттайсыздар? Мұғалімдер халық болмаса, кімді оқытады? Дәрігерлер ауру адам болмаса, кімді емдейді? Бізде сол түсінікті қалыптастыру керек деп ойлаймын", — деді ол. 

Соңғы жаңалықтар