"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Құлсарыға келіп жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Құлсарыға келіп жетті

"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Құлсарыға келіп жетті

"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы Құлсары қаласына келіп жетті. Ол мұнда 26-28 мамыр аралығында аялдап, дәрігерлер тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді

  • 27 Мамыр
  • 3
Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атырай облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, ааматтарды қабылдау сағат 09.00 мен 18.00 аралығында жүргізіледі, түскі үзіліс уақыты: 13.00-14.00.

«Пойыз құрамында 40 маман – медицина қызметкерлері, медиаторлар мен заңгерлер бар. Дәрігерлік құрамда терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы тәжірибелік дәрігер, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, педиатр, онколог-маммолог, гинеколог және уролог мамандары бар. Қажет болған жағдайда мамандар шағын операциялар жүргізіп, жоспарлы емдеуге жолдама береді», делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2024 жылдың 1 мамырынан бастап еліміздің ең үздік дәрігерлері, медиаторлары, психологтары және заңгерлерінің қатысуымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен өтуде.

Әлеуметтік жобаның мақсаты – ел аймақтарының шалғай станциаларында тұратын азаматтарға тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуласу) көмек көрсету. Облыстардың шалғай станцияларында тұратын азаматардың жағдайы қиын және мұқтаж халықтың әртүрлі топтарына тиімді медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуластық) көмек көрсету және жәрдемдесу.

Соңғы жаңалықтар
Хиджап киюге тыйым салынды
Жаңалықтар 23 Маусым