Салмағы 350 келі қостанайлық әйел қайырымды жандардан көмек сұрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салмағы 350 келі қостанайлық әйел қайырымды жандардан көмек сұрайды

Салмағы 350 келі қостанайлық әйел қайырымды жандардан көмек сұрайды

Салмағы 350 келіден асатын 39 жастағы Галина Воробьева осымен үшінші апта Қостанай қалалық ауруханасында ем қабылдап жатыр.

  • 13 Шiлде 2016
  • 436
Фото - Caravan.kz

Ақхалаттылар әйелге қолдан келген көмегін көрсетуде, алайда оған артық салмақтан арылу үшін шұғыл түрде ота жасау қажет. Ал оған Галинаның ақшасы жоқ, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазір Галинаға диета да көмектеспейді. Артық салмақтан арылу үшін 39 жастағы әйелге асқазанды кішірейту отасын жасату керек. Алайда қалтаның жұқалығы қостанайлық тұрғынның қолын байлап отыр. Анасы екеуі жатақханадағы бір бөлмені жалға алып тұрады екен.

«Мейірімді, қайырымды жандардан маған қол ұшын созуды сұраймын. Мен бойымдағы үрейді жеңіп, аурухана төсегіне жаттым. Ондағы мақсатым – емделіп шықпақ. Бұған дейін өз салмағымнан ұялып, көшеге де шықпайтын едім. Мені ауруханаға жеткізу үшін ТЖ қызметкерлерін шақыруға тура келді», — дейді Галина.

Салмағының ауырлығынан Галинаны ауруханаға экскаватормен жеткізген.


«29 маусым күні тынысым тарылып, гемоглобинім төмендеп кетті. Денем ісіне бастады, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болдық. Мен бала кезден толық болатынмын, алайда бұл маған еш уақытта жайсыздық келтірген емес. Ал осыдан 5 жыл бұрын тіземді жарақаттап алдым, содан кейін салмағым бірден өсе бастады. Төсекке таңылдым, зат алмасу бұзылды, диетаның да еш пайдасы болмады. Өздігінен жүріп-тұра алмай қалдым», -дейді Галина.

Галина өзіне қол ұшын созар жандардың барына, қалыпты өміріне қайта оралатынына сенеді.

 

Соңғы жаңалықтар