Жарияланды: 400

"Салпыншақ темірді қатындарың тақсын": Саясаттанушы марапаттауда сараңдық танытқан билікті сынады

 "Салпыншақ темірді қатындарың тақсын": Саясаттанушы марапаттауда сараңдық танытқан билікті сынады

Қостанайлық полиция қызметкері жолда қалып қойған көлік жүргізушілеріне қар құрсауынан шығуға көмектесіп, ,боранда қалаға дейін бірнеше шақырым жүгіргені желіде кең тараған болатын. 

Елдің ризалығына ие болған ол жуырда осы әрекеті үшін марапатталған еді. Әйтседе саясаттанушы Асхат Қасенғали биліктің марапаттау барысында сараңдық танытқанын сынға алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Базар жоқ. Сағат жақсы ғой, бірақ үстемақы одан да жақсы. Бір реттік жақсы премия бергені дұрыс қой негізі. Сағатына қарап қанша минутта жүгіріп өтетінін білсін деген болар)

Біздің елде қызық тенденция бар. Жыл соңында мұғалім, дәрігер, әскери және басқа сала мамандарын марапаттайды. Ол дұрыс. Бірақ марапаттаудағы мотивациялары күлкілі. Бір А4 парақтағы алғыс хаты мен 100-120 гр болатын кеудеге тағар темір. Болды. Кімге керек ол? Сананы тұрмыс билеген дәуір. Жақсы мамандарға бір реттік премия беру керек қой. 500 мың, миллион. Мықты ғалымдарға 5, 10 млнмен. Ірі компаниядағылар өздеріне млндап жазып алады премияны) 

Боранда 2 шақырым жүгіріп, көліктерге жол көрсетті: Қостанайлық полиция қызметкері желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Оспан батырша айтсақ, "салпыншақ темірді қатындарың тақсын, жақсы мамандарға премия беріңдер",- деді автор.

Еске салсақ,18 ақпанда Байжанов жолда тұралап қалған жүргізушілерге боранда жол көрсетіп, көліктің алдында жаяу жүріп отырған. Полицейдің бұл батыл әрекетінің видеосы желіде қызу талқыланып, оқырмандар көптеген оң пікір білдірді. Қостанай облысы полиция департаментінің басшылығы әлеуметтік желіде қызу талқыланған Амантай Байжановты марапаттады. Бұл жөнінде полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
 



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін