Салқын суға түсудің ағзаға әсері - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салқын суға түсудің ағзаға әсері

Салқын суға түсудің ағзаға әсері

Судың жылу өткізу қабілеті ауаның жылу өткізу қасиетінен 28 рет артық екендігін ескерсек, су ойығына түскен кезде дененің сырты бірден жылу бөле бастайды.

  • 8 Наурыз 2015
  • 449
Фото - Caravan.kz

Суықтың аз уақытта (1-2 минут) әсер етуінде пульс 10-15 пайызға түседі, ауа жұту 6 есеге дейін артады, қылтамырларды нығайтуға керемет гимнастика болып табылатын терінің кенет тартылуы орын алады. Сондай-ақ ішкі ағзаларға қан мөлшерінің түсуі жоғарылайды, деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық арнасы.

Адам салқын суға түскеннен кейін рахаттанады және эмоционалды және рухани күштің жоғарылағанын сезінеді, ол қанға «қуаныш гормондары» — эндорфиндердің тасталғанына негізделеді. Бұндай гормондардың (кортикорстероидтер) мықты асқынуға қарсы әрекеттері бар, созылмалы асқынған аурулары бар адамдардың салқын суға түсуден сауығуы осылайша түсіндіріледі.

Салқын суға шомылу ежелден келе жатқан әдістердің бірі.


Тарихта есімі қалған Ивановтың әдісі бойынша денсаулығын дұрыстап алған жандар туралы көп айтылады. Оның айтуынша, «үстіңе суық су құю — бұл жай мұздай суға шомылып шығу емес. Мұның астарында терең ой, мағына бар. Өзіңді шынықтырасың, ойыңды тазартасың».