Салық қызметкерінің декларация тапсырған қазақстандықтардың атынан несие рәсімдегені анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салық қызметкерінің декларация тапсырған қазақстандықтардың атынан несие рәсімдегені анықталды

Салық қызметкерінің декларация тапсырған қазақстандықтардың атынан несие рәсімдегені анықталды

Ол жеке және биометриялық деректерді өзінің ұялы телефонына түсіріп отырған.

  • 11 Наурыз
  • 5
Фото - Caravan.kz

Қосшы қаласының прокуратурасының үйлестіруімен салық органының қызметкерімен жасалған 5 интернет-алаяқтық дерегі ашылды, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтаулатып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрінде жәбірленушілерге микронесиелер рәсімдеп өзінің шотына аударған», — делінген Ақмола облыстық прокуратурасының хабарламасында.

Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Сондықтан облыс прокуратурасы азаматтарды барлық ақпаратты жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарына сыни тұрғыда қарау қажет», — деп атап өтті құзырлы орган өкілдері.

Соңғы жаңалықтар