Самарқан билігі оқушы қыздардың пәктігін гинеколог тексерді дегенді жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Самарқан билігі оқушы қыздардың пәктігін гинеколог тексерді дегенді жоққа шығарды

Самарқан билігі оқушы қыздардың пәктігін гинеколог тексерді дегенді жоққа шығарды

Бұған дейін Өзбекстандағы орта мектептердің жоғарғы сынып оқушылары мен колледж студенттерінің пәктігін гинекологтар жаппай тексергені хабарланған еді.

  • 28 Қараша 2017
  • 201
Фото - Caravan.kz

Осындай мәлімет тараған соң, жергілікті ақпарат құралдары Самарқан облысының әкімшілігіне бұған қатысты пікір білдіруін сұраған.

Аймақ әкімшілігінің баспасөз хатшысы Нуриддин Болиев Самарқанда оқушы қыздарды жаппай тексерген деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Біздің менталитетті білесіз, мұндайға ата-аналар келіседі деп ойлайсыз ба? Мұндай ақпаратты қандай мақсатпен таратқанын білмеймін, бірақ ол жалған", — деп мәлімдеді Болиев.

Бұған дейін хабарланғандай, жаппай медициналық тексерулер жас қыздардың пәктігінен айрылып немесе бала көтеріп қойғандықтан, масқара болмас үшін өзіне қол жұмсауына жол бермеу мақсатында жүргізілген.


Соңғы жаңалықтар