Самат Смақов жеке медициналық клиника ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Самат Смақов жеке медициналық клиника ашты

Самат Смақов жеке медициналық клиника ашты

Қазақстандық танымал футболшы Самат Смақов Ақтөбе қаласында жеке медициналық клиникасын ашты.

  • 22 Қараша 2016
  • 409
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

“Клиниканы ашу және менің ұлттық құрамамен қоштасуымның байланысы жоқ. Бұл медициналық орталық қыркүйек айында жұмысын бастаған. Мен оны өзімнің досым Қазақстан ұлттық құрамасы мен “Ақтөбе” клубының бас дәрігері болып істейтін Алексей Левинмен бірігіп аштым. Мен оны еліміздегі нағыз спорттық дәрігер деп есептеймін. Бастапқыда біз спортшылардың жарақаттан айығуына көмектесеміз деп ойладық, бірақ кейін біздің клиникаға әртүрлі аурумен қарапайым азаматтар да келе алатын болды”, – дейді футболшы.


Былтырғы жылы Ақтөбедегі жалғыз спорттық диспансер жабылып қалған. Саматтың клиникасы енді соның орнын толтырмақ. Футболшы болашақта Ақтөбеде футбол орталығын да ашып қалуым мүмкін дейді.

Соңғы жаңалықтар