"Самғау" холдингі өз даму стратегиясын бұқара талқысына ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Самғау" холдингі өз даму стратегиясын бұқара талқысына ұсынды

"Самғау" холдингі өз даму стратегиясын бұқара талқысына ұсынды

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Самғау" ұлтық ғылыми-техникалық холдингі өз даму стратегиясын бұқара талқысына ұсынды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында холдинг басқармалары төрағасының орынбасары Азамат Әбдімомынов хабарлады.

  • 18 Қыркүйек 2007
  • 423
Фото - Caravan.kz

«Бүгіннен бастап холдингтің сайтында даму стратегиясының жобасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді», — деді А. Әбдімомынов. Оның нақтылауынша, «Ғаламторға шығуға мүмкіндігі барша жұртшылық өкілдері стратегияның жобасымен танысып қана қоймай, сонымен бірге оған қатысты өз ұсыныстары мен ескертпелерін де бере алады».

Сонымен бірге стратегия жобасы кәсіпкерлік орта өкілдерінен құралған сарапшылардың да талқысынан өтеді. «1 қазанға таман біз мемлекеттік мекемелер, парламент депутаттары мен беделді сарапшылардың қатысуымен одан да ауқымды талқылау өткіземіз», — деді А. Әбдімомынов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті