Самса мен лағман тағамдары есек етінен әзірленетіні анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Самса мен лағман тағамдары есек етінен әзірленетіні анықталды

Самса мен лағман тағамдары есек етінен әзірленетіні анықталды

Өзбекстанның Ферғана облысында қоғамдық тамақтану орындарына есектің етін жеткізіп беріп отырған қылмыстық топ ұсталды.

  • 25 Наурыз 2018
  • 46
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Куштепе аудандық әкімшілігі мен аудандық Бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Азаттықтың өзбек редакциясының мәліметіне қарағанда, есек еті Куштепедегі жекеменшік үйлердің бірінде дайындалып, Ферғана қаласындағы және Ташлак ауданындағы самса, лағман даярлайтын орындарға жеткізіліп отырған.

Жергілікті тұрғындар түн ортасында есектердің ақырғанына наразылық білдіріп, құқық қорғау органдарына шағымданған. Осы бойынша аталған жеке үй тексеріліп, ол жерде есектерді сойып, етін дайындайтындығы анықталған.

Төрт адамнан тұратын қылмыстық топтың есек етін сатумен қашаннан бері айналысып келгендігі әзірге белгісіз. Олардың үстінен Өзбекстан республикасы Қылмыстық кодексінің 186-1 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Қазіргі кезде Ферғанадағы және Ташлактағы күдікті деген асханалар да тесеріле бастады.

Соңғы жаңалықтар