Сандуғаш Жұмабекке журналистер де сеніп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сандуғаш Жұмабекке журналистер де сеніп қалды

Сандуғаш Жұмабекке журналистер де сеніп қалды

Фейсбукте алаяқ деп айыпталып жатқан Сандуғаш Жұмабек (шын аты-жөні – Сандуғаш Жұртшыбайқызы Кентаева) өткен аптада біздің тілшімізге сұхбат берген еді. Сол кезде ол ағынан жарылғандай болып сөйледі. Сөйтсек, Сандуғаш журналистерді де алдап отыр екен.

  • 23 Қаңтар 2017
  • 17443
Фото - Caravan.kz

Осы материалдан кейін Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне хабарласқан арызданушылардың айтуынша, бұл әйелдің айтқан сөзінің бәрі өтірік.

Біріншіден, «Айна Керей мен Айман Утуджуға ғана қарызбын» дегені жалған. Екіншіден, «оларға ақшаны пайызымен қайтаратын болдым» дегені де шындыққа жанаспайды. Ал арызданушылар қазір тергеушінің айтуымен журналистерге сұхбат бермей отыр екен. Айгүл Орынбек болса, бұл жағдайды Фейсбукке жариялауына басқа жұрт алданып қалмасын деген ой себеп болғанын айтты. Сондай-ақ, құдасына көмектесу үшін қарыз алдым дегені де өтірік дейді қарсы жақ.

Мынау суреттерден Сандуғаштың Айнадан (Айнагүл Хамитова) 700 мың теңге емес, 3 мың доллар (қазіргі бағаммен 1 миллион теңге) алғанын және ақшаны уақытында қайтармағаны үшін іс қозғалғанын, Мереке Сайв деген азаматшаға 4 миллион теңге қарыз екенін көруге болады.  


Соңғы жаңалықтар