Сапарбаев Таразда өртенген көліктер мен бүлінген ғимараттар туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сапарбаев Таразда өртенген көліктер мен бүлінген ғимараттар туралы айтты

Сапарбаев Таразда өртенген көліктер мен бүлінген ғимараттар туралы айтты

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараздағы тәртіпсіздіктер кезінде келтірілген шығын туралы айтты.

  • 5 Қаңтар 2022
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Құрметті жерлестер! Кеше Тараз қаласының орталық алаңында жиналғандарға үндеу жасадым. Оларды сабырға, тәртіпсіздік жасамауға, ортақ мәмілеге келуге шақырдым. Өкінішке қарай, жастар қаланың бас көшелерінде тәртіпсіздіктер мен заңсыздықтарға, бұзақылық әрекеттерге жол берді. Нәтижесінде, 10-нан аса полиция көлігі аударылып, өртенді. Облыс әкімі аппаратының ғимараты, орталықтағы банк бөлімшесі бүлінді. Бәрі заң шеңберінде болуы керек, тәртіп сақталуы тиіс", — деді Сапарбаев өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметіне.


 Әкім мемлекет мүлкіне зиян келтіру, қоғамдық тәртіпті бұзу заң бойынша қудаланатынын айтты.

"Баршаңызды арандатуға ермеуге шақырамын! Барлық заңсыз әрекет үшін жауапты болатындарыңызды қатаң ескертемін!", — деп түйіндеді Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр