Жарияланды: 690

Сапарбаев жол бойындағы сервиске көңілі толмайтынын жеткізді

Сапарбаев жол бойындағы сервиске көңілі толмайтынын жеткізді

Әйтеке би ауданына жұмыс сапары барысында облыс басшысы жол бойындағы сервисті дамыту керектігін тапсырды.

Оның пайымынша, теміржол бойында да, автокөлік жолында да кемпингтер салынуы тиіс. Әрі ол жерлерді жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдермен қамтамасыз ету керек, деп жазады tilshi.kz.

Бұл жөнінде «Тілшіге» «Ақтөбе ақпарат» орталығының қызметкері Шыңғыс Ильясов хабарлады.
Аймақ басшысы жергілікті халықтың тұрмыстық жағдайына да тоқтап өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қайырымдылық шараларын көбірек ұйымдастыру керектігі сөз болған. Ардагерлер мен зейнеткерлердің де назардан тыс қалмау керектігі айтылған.
Әйтеке би ауданы бойынша өндіріс пен инвестиция тарту көрсеткіші әдеттегіден төмен болса керек. Б.Сапарбаев осы бағытта жұмыс жасау керектігін тілге тиек етті.
Өңір басшысы «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық жол дәлізінің бойында Қарабұтақ ауылы маңындағы «Маяк» кемпингіне барды. Құны 400 млн теңге болатын нысан құрылысы биыл мамыр айында басталған. 50 орындық асхана, 20 орынға есептелген қонақ үйі, техникалық қызмет көрсету станциясы, автотұрақ, т.б. қарастырылған. 20 адам жұмыспен қамтылмақ.
«Әйтеке би ауданынан бірнеше бағытқа қатынауға болады. Келесі жылы аудан үлкен орталыққа айналуы тиіс. Сол себепті өзге де қызмет түрлерін дамыту керек. Өз кезегінде, билік тарапынан қолдау көрсетіледі», — деп атап өтті облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін