«Сапсан» жедел тобы орман шаруашылығындағы заңсыздықтарды анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сапсан» жедел тобы орман шаруашылығындағы заңсыздықтарды анықтады

«Сапсан» жедел тобы орман шаруашылығындағы заңсыздықтарды анықтады

ҚР АШМ жанынан құрылған «Сапсан» жедел тобы орман шаруашылығындағы заңсыздықтарды анықтап, оның нәтижесі бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды.

  • 12 Қараша 2017
  • 682
Фото - Caravan.kz

Орман шаруашылығындағы заңдылықты қадағалайтын бұл топ Ақмола облысының аумағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерге тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министлігінің өкілдер Caravan.kz медиа-порталына.

Биыл Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында «Сапсан» жедел тобы биыл қыркүйектің аяғында құрылған болатын.

Бұл топтың тікелей Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министріне есеп беретінін айта кеткен жөн.

Жедел топтың негізгі міндеттері — жануарлар дүниесін, орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру және қажет болған жағдайда осы салалардағылауазымды тұлғалардың құқық бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу болып табылады.

«Сапсан» жедел тобы Ақмола облысының аумағында экологиялық заңнаманың сақталуына байланысты Кеңес, Красноборское және Отрадненское коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне тексеру жұмыстарын жүргізді.


Тексеру барысында екі мекемеде жалпы көлемі 56,96 м3 заңсыз ағаш кесіп орман шаруашылығына 861 262,88 теңге көлемінде зиянкелтірілгені анықталды.

Кесілген учаскелерді тексеру кезінде орман ағаштарын дайындау  кесу және тасымалдау тәртібін бұзу фактілері тілкеліп, орман шаруашылығына келтірілген зияны 11 3030,25 теңгені құрады.

Сонымен қатар, ағаштарды кесіп беруді бағалауда құқық бұзушылықтарды анықтады. Тексеру нәтижесінде барлығы 4 қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар