"Сақадай сай отыруымыз қажет": Лукашенко Путинді ядролық қару қолдануға дайын болуды шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сақадай сай отыруымыз қажет": Лукашенко Путинді ядролық қару қолдануға дайын болуды шақырды

"Сақадай сай отыруымыз қажет": Лукашенко Путинді ядролық қару қолдануға дайын болуды шақырды

25 маусымда Санкт-Петербургте Александр Лукашенко мен Владимир Путин кездесті. Президенттер қорғаныс мәселелерін мен әлемде болып жатқан жағдайды талқылады.

  • 26 Маусым 2022
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Лукашенко Путинмен қорғаныс мәселелерін талқылау маңыздылығын атап өтті.

“Бізді көршілеріміздің жүргізіп отырған саясатының салдарынан туындаған жағдайлар алаңдатып отыр. Айтып отырғаным Польша мен Литва елдері. Олар бізге қарсылық танытқысы келеді. Олар сізге де қыр көрсеткісі келеді. Мәселен, Украинадағы жағдайды алып қарайық, соңғы кездері ол жақта Польшадан келген жалдамалы жауынгерлер көбейіп кетті. Мұндай саясат ұстанудың не қажеті бар? Олардың артында әлдекімдердің тұрғаны белгілі. Дегенмен мұндай саясат жиіркенішті, іс-қимылдары агрессивті

Литваның әрекеттері осындай. Соңғы кездері олардың Ресейден Беларусь арқылы Калининградқа транзиттік тасымалдауды тоқтату, Калининградты оқшаулау жоспары туралы ақпарат легі таралуда. Бұл соғыс жариялаумен бірдей, қазіргі кезде мұндай дүниелерге жол беруге болмайды”, – дейді Лукашенко.

Сонымен қатар Беларусь басшысы АҚШ пен НАТО ұшақтарының оқу-жаттығу шараларын жүргізуіне алаңдаулы екенін жеткізді.

"Бұл бізді үрейлендіреді. Сондықтан сізден осы жағдайларға қарама-қайшы жауап қайтару мәселесін қарастыруды сұраймын. Олар ядролық зымырандарды тасымалдау бойынша жаттығу жүргізуде. Мүмкін болса, бізге кем дегенде ядролық қаруды тасымалдай алатын ұшағымызды бейімдеуге көмектесіңіз. Әрине, ертең күні ядролық қаруды жеткіземіз дегім келмейді, бірақ біз сақадай сай отыруымыз қажет. "1941 жылы да бәрі жақсы болады, бәрі тыныш, ешкім шабуыл жасамайды" деп ұйықтап жатып едік қой.

Бірақ соңында ешнәрсе де дайын емес болып шықты. Сондықтан бұл бізді ойландыратын жағдай. Бұл сұрақты алдыңызда бірінші рет көтеріп жатқан жоқпын. Сіздің қорғаныс министрлігінде не талқылағаныңызды білемін. Енді жағдайдың қалай өрбитінін естігім келеді. Бәріне дайын болуымыз керек дегім келеді. Тіпті Бресттен Владивостокқа созылған Отанымызды қорғау үшін ауыр қару қолдануға да әзір болғанымыз жөн. Америкалықтар қажет болмаса, НАТО-дағы серіктестерін пайдаланып, не үшін дайындық жүргізіп жатыр деп ойлайсыз?” – деп қосты ол.


Путин Еуропадағы НАТО-ның 6 елінде америкалықтардың 200 тактикалық ядролық қаруы және оларды қолдануға арналған 257 ұшағы бар екенін айтты. Бұған қоса ол Су-25 ұшағын жабдықтауды ұсынып, Беларусь "Искандер-М" тактикалық зымырандық кешендерін ие болатынын қосты.

"Әзірге НАТО ұшақтарының Беларусь аспанында жүргізіп жатқан оқу-жаттығу шараларына жауап беру қажет емес. Беларусь армиясы Су-25 ұшақтарына ие, қазір оларды қайта жабдықтап, ұшқыштар құрамын оқытуды бастауға болады. Келіскеніміздей, алдағы бірнеше айдың ішінде Ресей Беларусь еліне қарапайым және ядролық нұсқадағы баллистикалық және қанатты зымырандарды да қолдана алатын "Искандер-М" тактикалық зымыран жүйелерін береміз”, – деді ол.

Бұған қоса Ресей президенті одақтас елдерді құру жайлы айтты.

“Әрине, Одақтас елдерді құру туралы сұрақтар күн тәртібінде тұр. Қазір жауапты ведомстволармен бәрін айқындап қойдық, енді оларды қалай іске асыратынымыз жайлы ойлануымыз керек”, – деді Путин.

Соңғы жаңалықтар