"Сақалым алынбалы салынбалы емес, қырмаймын": Депутаттықа үміткер Бурахан Дағанов сақалдыға дауыс бересіз бе деген сауал тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сақалым алынбалы салынбалы емес, қырмаймын": Депутаттықа үміткер Бурахан Дағанов сақалдыға дауыс бересіз бе деген сауал тастады

"Сақалым алынбалы салынбалы емес, қырмаймын": Депутаттықа үміткер Бурахан Дағанов сақалдыға дауыс бересіз бе деген сауал тастады

Облыстық маслихат депутаттығына сайлауға қатысуға өтініш берген "Тәуекел" ұйымының жетекшісі Бурахан Дағанов "депутаттыққа өтсем осылай өтем, сақалымды қырмаймын" деп бекінгенін айтты.  Дегенмен ол электоратымды шошытып аламын ба деген алаңдаушылық барын да жасырмады.

  • 16 Ақпан 2023
  • 5565
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz  медиа порталы хабарлады.    

"Мына депутаттыққа түсу деген — талпынған адамға кәдімгідей әңгіме екен ғой, программа жасауы бар, штабы бар, қысқасы үш күннен бері әбден есім шықты. Депутат— депутат деп жөнді ұйықтамай да қалдық. Қысқасы, ұйқым қанбай мең — зең боп отқанымда таң ата сайлау бөлімінен хабарласып, неменеге керек екенін жөнді түсінбедім, әйтеу қоярда қоймай бір фото жіберуімді сұрады. Ертең қалаға барып сақал мұртымды бастырып, ақ көйлекпен түскен әдемі фотомды жіберейіш дегеніме келіспеді. Сонымен не керек, жалма жан, 2017 ден бері киілмей, шаң басып жатқан қара костюмді кие сала сурет түсіретін жерге барып, не болсада "" TAUEKEL " деп фотоға түстім. Бес жылдан бері екі размерге кішірейіп, арып кеткесін бе, костюм шіркін шапан құсап қолп — қолп етіп маған үлкен екені көрініп тұр. Оның үстіне, ФБ-ға ыржиып, қисайып түскенге әбден машықтанған аузым — тізгінге әрез көнді, нәтижесі төмендегідей.

Мына суретім сайлау пунктеріне тарап кетіп, адамды, электоратымды шошыта ма дегенде ойым боп отыр. Қалай былай жалпы? Сіздің сайлау пунктіңізде мынадай суреті бар адам тұрса дауыс бересіз бе?

Пы-сы: Сақалымды сәл-пәл қысқартуым мүмкін, бірақ түбегейлі қырмаймын. Ойбу, әлгі Бурахан депутаттық орын үшін сақалын қырып тастапты, одан зорғысында несін алады екен деген сөзге қалмайын. Сақалым алынбалы салынбалы емес қысқасы. Өтсем осылай өтем"- деп  жазды депутаттыққа үміткер Бурахан Дағанов. 


Көпшілік: "Сақалыңды қырмасаң депутаттық болмайды, ел дауыс бермейді", "Қоғам сақалдыларға секемденіп қарайды. Сондықтан көп дауыс жинай алмауың мүмкін", "Танымасам сақалдыға дауыс бермес едім", "Усама Бен Ладен сяиқыт екенсің", "Іске сәт, сақал ердің көркі", деген сияқты пікірлер қалдырды.

Еске салсақ , Бурахан Дағанов Солтүстік Қазақстанды қазақа толтыру үшін ерікті түрде әрекет етіп жүрген азаматтардың бірі. Сайлауға да сол өңірден қатыспақшы. 

Соңғы жаңалықтар