Сарапшы: Үкімет тарапынан несиелер бойынша жеңілдіктер жалғасуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарапшы: Үкімет тарапынан несиелер бойынша жеңілдіктер жалғасуы мүмкін

Сарапшы: Үкімет тарапынан несиелер бойынша жеңілдіктер жалғасуы мүмкін

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додоновтың пайымынша, елімізде Үкімет тарапынан несиелер бойынша бизнеске жеңілдіктер жалғасуы мүмкін.

  • 18 Қаңтар 2018
  • 219
Фото - Caravan.kz

 Бұндай пікірді ол Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасына талдау жасау аясында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экономика ғылымдары докторының атап өтуінше, қолжетімді несиелеудің тапшылығы қаржылық сектордың ғана емес, сонымен қатар экономикалық дамудың өзекті проблемаларының бірі.

«Бұл проблема ұзақ мерзімге созылып кетті. Яғни төмен ставкамен ұзақ мерзімге негізделген несиелік ресурстардың қолжетімдігі өте өткір мәселе. Бұл ахуал көп жылдардан бері тиісті шешімін таппай келеді.

Осыған байланысты Жолдауда бұл проблеманы шешу мақсаты қойылған және ол міндет Ұлттық банк пен Үкіметке жүктеліп отыр. Олар бірлесе бұл бағытта қажетті шешімді даярлауы тиіс. Атап айтқанда, ұзақ мерзімді несиелер бойынша мөлшерлемелер деңгейі бизнеске қалыпты тиімділікті қамтамасыз етуі қажет болады», — деді Додонов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның пікірінше, бүгінде аталған мәселе бойынша Ұлттық банк тарапынан тиісті қадамдар көрініс беруде.


«Бұл тұрғыда қолжетімді несиелер көлемі арта түседі деген ойдамын. Үкімет тарапынан да қажетті жеңілдікті шаралар қамтылуы мүмкін. Жалпы, несиелік ресурстардың қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсаты қойылды және осы міндеттің лайықты шешімі болады деген пікірдемін», — деп түйді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар