Жарияланды: 830

SARS вирусына қарсы вакцина әлі табылған жоқ, бірақ ауруды қоздырғыш мәлім болды

"SARS вирусына қарсы вакцина әлі табылған жоқ, бірақ оны қоздырғыш мәлім болды. Ол - Оңтүстік Қытайды мекен ететін кейбір мысық түрлері мен мангуст ағзасынан табылған короновирустар тобына жататын қоздырғыш". Бұл туралы бүгін, 16-маусымда ҚР тазалық-індет қызметі ұйымдастырған семинарда АҚШ Мичиган штаты Университетінің профессоры Арнольд Монто хабарлады.

Оның айтуынша, қазір жәндіктер ағзасынан табылған вирус зерттелу үстінде. "Індет адамдарға дәл осы жәндіктерден жұққан болуы мүмкін деген болжам Қытайдың дастархан мәзірлерін толық зерттеу нәтижесінде пайда болды. Бір таңқаларлығы сол, Қытайлықтар жыбырлап жүретін жәндік біткенді жей береді ",- деп мәлімдеді А.Монто. Оның айтуынша, осындай короновирустар мангуст және мысықтардың өте сирек кездесетін түрлерінде ғана кездеседі. Бүгінде әлемнің 20-ға жуық компаниясы өкпе қабынуының беймәлім түріне диагноз қоюға арналған препараттар жасауға кірісті,- деп хабарлады А.Монто. Бүдан бүрын да хабарлағанымыздай, дүниежүзінде бұл дерттен қазіргі жағдаймен 799 адам қайтыс болған. Соның ішінде Қытайда - 345 адам, Гонконте - 295, Тайваньда - 83, Канадада - 33, Сингапурда - 31, Вьетнамда - 5, Малайзияда - 2, Филиппинде - 2, в Таиландыда - 2 , Оңтүстік Африка Республикасында - 1 адам індеттен көз жұмды. SARS вирусын жұқтырғандар саны 8 мың 400 адамды құрайды. Соның ішінде Қытайда 5 мың 328 адам, Гонконгте 1 мың 755 адам, Тайваньда 699, Канадада 238, Сингапурда 206 адам тіркеліп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть