Сарыағаш ауданының тұрғыны құрсақтағы баланың жынысын ауыстырады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарыағаш ауданының тұрғыны құрсақтағы баланың жынысын ауыстырады

Сарыағаш ауданының тұрғыны құрсақтағы баланың жынысын ауыстырады

 

  • 16 Маусым 2016
  • 3259
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында құрсақтағы баланың жынысын ауыстыра алатын әйел адам тұрады, деп жазады «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газеті.

«Бұл – Алладан келген ілім. Негізі ата-бабамнан ұрпақ қуалап келе жатқан қасиет. Яғни маған анамның әкесінен қонған. Ал қасиет мойындатпай қоймайтынын білетін шығарсыздар. Менің оны түбегейлі мойныма алғаныма ширек ғасыр болды.

Ұлды болуды армандаған әйел көтергеніне 1,5 айдан аспайтын уақытта маған 3-5 кило жаңғақ әкелуі тиіс. Кәдімгі грек жаңғағын. Мен оны оқып беремін. Соны ешкімге берместен, күніге қалағанынша жейді. Өзі тауысуы шарт. Өйткені сол көп жаңғақтың ішінен тек біреуі ғана оған көмек болады, яғни әлі ағза мүшелері дамып, қалыптаспаған сәбидің ұл болуына ықпал етеді. Егер жаңғақтың бір данасын басқаға беретін болса, еңбек зая кетті дей беріңіз. Менің қоятын шартым осы ғана. 

Ең алғашқы сынақты өзімнің қызымнан бастағанмын. Қызым 32 жастан асқанда босанды. Тұңғышы қыз болды. Бірақ оны «кесерь тілігімен» босанған. Сондықтан екіншісін көтергенде менен көмек сұрады. Жаңғақты оқып бердім. Аллаға шүкір, осылай кейінгі үшеуі қатарынан ұл болды. Мұны естіген бірен-саран адам көмек сұрап келіп жатты. Осылай жұрт аузына тарап, ылғи қыз босанатын келіншектер келе бастады. 


Бірде маған Сарыағаш ауданының Таскескен ауылынан бір келіншек келді. Бес қызы бар екен. Алтыншы рет жүкті болғанда маған келді. Алладан ниет етіп, менен жәрдем сұрап келген ол кейін ұлды болды. Ұлы биыл 4-ші сыныпты бітіреді. Мұндай мысалдар менде өте көп. Бүгінде 278 ұлдың анасы атандым. Емнің нәтижесін осыдан түсіне беріңіз», – дейді Сәрсенкүл  Жолдасбекқызы. 

Соңғы жаңалықтар