Жарияланды: 170

Сарыағашта зорланды деген 7 жасар балаға Дариға Назарбаеваның ұлы көмектесіп жатыр

Сарыағашта зорланды деген 7 жасар балаға Дариға Назарбаеваның ұлы көмектесіп жатыр

Абай ауылында зорланды делінген 7 жасар балаға енді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрали Әлиев пен оның әйелі Аида көмектесе бастады.

Нұралиден бөлек кішкентай баланың отбасына BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев пен әйелі Анар, ірі кәсіпкер Ержан Тәтішев пен әйелі Әсел де көмектесіп келеді екен. Бұл туралы қоғам белсендісі Аружан Сайын өзінің Facebook-парақшасына жазып, қолдау білдіргендерге алғыс айтты.

«Ана мен бала қазір қорғауға алынған. ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетіне рахмет! Балаға қазір жеке мұғалім келіп оқытып жатыр, оның үлгерімі жақсы. Баланың әжесі мен әпкесі де мемлекеттің қорғауына алынған. Нұрали мен Аида Әлиевалардың отбасына рахмет, ана мен бала солар алып берген үйде тұрып жатыр. Ана үйі жобасына қатысып жатқан барша кәсіпкерге рахмет! Балаларын тастап кетпей, осы жобаға қатысып жатқан аналарға да рахмет», — деп жазды Аружан Сайын.

Оның айтуынша, балаға шетелден сарапшыларды алдыруға және өзге де шығындарды Еркін мен Әсел Тәтішевтер, Айдын мен Анар Рахымбаевтар өздері төлеп жатыр екен.

Еске салайық, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы 7 жасар баланың оқиғасы осыдан 2 айдай уақыт бұрын жария болып, бүкіл қазақстандықтардың жағасын ұстатқан болатын. 1-сынып оқушысының айтуынша, жоғары сыныптың үш оқушысы оны былтырдан бері зорлап келген көрінеді. Ал, бұл туралы ішкі істер органдары мен мектеп басшылығына арызданып барған, баланың әжесі арызымды қабылдамады деп шағым айтты.

Оқи отырыңыз:

Қайрат Нұртас тойда өзімен суретке түспеген халыққа ренішін білдірді

Ақмола облысында дүкенге шығып кетіп оралмаған әженің денесі орманнан табылды

Миланда бір мезетте жылдың төрт мезгілін ұсынатын оранжерея ашылды

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін