Сарыарқа және Достық метро стансалары қашан қолданысқа беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарыарқа және Достық метро стансалары қашан қолданысқа беріледі

Сарыарқа және Достық метро стансалары қашан қолданысқа беріледі

Республикалық бюджеттен толық қаржыландырылатын болса, Алматы метросының екі жаңа бекеті - Сарыарқа және Достық 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.

  • 1 Сәуiр 2021
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінші, екінші кезеңнің инвестициялық құны- 67 922,38 млн теңге.

Жалпы, стансалар құрылысы басталғалы 63 278,28 млн теңге бөлінді, оның 52 629,58 млн теңгесі игерілді.

«2021 жылға арналған бекітілген бюджет аясында 10 648,69 млн теңге бөлінді, оның 10 396,97 млн теңгесі республикалық бюджеттен, қалғаны жергілікті бюджеттен қарастырылған. Республикалық бюджеттен толық қаржыландырылатын болса, «Сарыарқа» және «Достық» стансаларының құрылысын аяқтау биылғы жылдың желтоқсанына жоспарланған» деп атап өтті басқармадан.

Сонымен қатар, басқармадағылар барлық метро стансалары Wi-Fi тестік режимде іске қосылғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта тоннельдерге және электр жылжымалы құрамына қондырғылар орнату жұмыстары жүргізілуде.


2018 жылы «Hyundai Rotem» АҚ-мен метро вагондарын сатып алу туралы келісімге қол қойылды.

«Қазіргі уақытта метро пойызының екеуі жеткізілді. Қалған алтауы 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін әкелінеді. 2018-2019 жылдары республикалық және жергілікті бюджетен 14 089,7 млн теңге (аванстық және аралық төлем) бөлінді. 2021 жылы түпкілікті төлемді жүзеге асыру үшін республикалық бюджетті нақтылауға 18 660,122 млн теңге өтінім жіберілді» деп хабарлады қалалық мобильділік басқармасы.

Соңғы жаңалықтар