Сәтбаев қаласының кенішінде жұмысшыны тау массасы басып қалды
4 қараша күні сағат 05.30-да Сәтбаев қаласындағы «Степной» кенішінде төтенше жағдай орын алды. ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Қазақмыс» корпорациясы «Жезқазғантүстіметалл» ӨБ-нің №67 шахтасында 47 жастағы жұмысшы жоғарыдан құлаған тау массасынан жарақаттанды. Төтенше жағдай орнына Қарағанды облысы бойынша ТЖД-нің 2 адамы мен 1 техникасы шықты. Жарақат алған жұмысшы ауруханаға жеткізілді. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін