Сәтбаевта жасыл желекті құрт отап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәтбаевта жасыл желекті құрт отап жатыр

Сәтбаевта жасыл желекті құрт отап жатыр

Cәтбаев қаласындағы жасыл желекті ағаш құрттары жаппай отап жатыр. Зиянкестің кесірінен тұрғындар тіпті көшеге шығудан қалған. Өйткені қаптаған құрт аулалар мен балалардың ойын алаңдарына да жетті.

  • 3 Маусым 2014
  • 247
Фото - Caravan.kz

Қаладағы бүтін бір гүлзарлар қазір жапырақтарынан жұрдай болып тұр. Зиянкестер олардың ішкі жағына жабысып, сөлін сорып алады екен. Ол аздай, бұл құрттардың ағаштан ағашқа ауру таситын әдеті бар болып шықты. Құрт тиген тал-терек төрт жылдан соң құлап тынады. Мұндай кеселді болдырмау үшін ағаштарды жылда арнайы химиялық сұйықтықтармен улап отыру қажет екен.


Мақсұт Қабиев Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маманы:

-Былтыр 28 мың гектарға жасалды. Биыл 31 мың гектарға жасалу керек-тін. Былтыр 7 милион бөлінген биыл 13 миллион бөлініп тұр. Бірақ әлі өткізбей отыр конкурсты.