Сатыбалды Бұршақов Президент Әкімшілігінен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сатыбалды Бұршақов Президент Әкімшілігінен кетті

Сатыбалды Бұршақов Президент Әкімшілігінен кетті

 

  • 30 Қыркүйек 2019
  • 14
Фото - Caravan.kz


Сатыбалды Бұршақов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды", + делінген хабарламада. Ол Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Осы қызметті атқарған Дулат Оразбекұлы Қуанышев Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
 

Соңғы жаңалықтар