Сауалнама: Facebook некені бұзады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауалнама: Facebook некені бұзады

Сауалнама: Facebook некені бұзады

Slater and Gordon Lawyers заң фирмасының мамандарының айтуынша, компанияның көмегіне жүгінген отбасылардың көпшілігі

  • 12 Мамыр 2015
  • 375
Фото - Caravan.kz

әлеуметтік желінің кесірінен ажырасып жатады. Сауалнама жүргізу барысында белгілі болғандай, әр жетінші британдық жұбайы әлеуметтік желіге көп уақытын бөлетіндіктен ажырасып жатқандығын айтқан.

Сауалнамаға қатысушылардың жартысынан көбі зайыбының әлеуметтік желісін білдіртпей тексеріп отырған. Сондай-ақ қатысушылардың әр бесіншісінің үйінде әлеуметтік желі үшін ұрыс-керіс орын алған. Ерлі-зайыптылардың 25 пайыздан астамы кем дегенде аптасына бір рет  Facebook үшін жұбайымен жанжалдасуға барған. Ал 17 пайызы ғаламтордан жұбайы жайлы қандай да бір ақпарат тауып алып, осыны себеп қылып жанжал туындатып отырған. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың 58 пайыздан астамы бір-бірінің логины мен құпия парольдерін білген. Олар көп жағдайда зайыбының парақшасына кіммен сөйлесіп жүргенін анықтау үшін кіріп, адалдығын тексеріп отырған, деп жазады шетелдік БАҚ.