Жарияланды: 730

Сауалнама нәтижесінде көптеген балалардың қорлық көріп жүргені анықталды

Қазақстандық балалардың құқықтары сақталмайды. Мұндай түйінге халықаралық ұйым мүшелері келіп отыр. Құпия түрде жүргізілген сауалнама нәтижесінде көптеген балалардың қорлық көретіні анықталды. Әсіресе мемлекеттік интернаттар мен арнайы мектептерде ахуал аса күрделі.

Естеріңізде болса, соңғы кездері осындай бірнеше мекеменің жаман аты шыққан. Жеткіншектердің өздері құқықтарының бұзылғаны туралы хабар таратты. Қара тізімге Ақтөбе қаласындағы интернаттың іліккені белгілі. Мұнда ерте есейген тәрбиеленушілер кішкентай бүлдіршіндерді ұзақ уақыт бойы зорлаған көрінеді. Ал Алматыдағы арнайы мектептен 9 бірдей жасөспірім қашып кеткен. Олар ұстаздардың заңсыз әрекеттеріне шағымдануда. Сөздеріне сенсек, тәрбиешілер балаларды қинап, тіпті ақшаларын да тартып алып жүрген. Зерттеушілер де Қазақстанда кәмелетке толмағандарды соққыға жығу, ауыр еңбекке салу мен жәрдемақыларын иемдену сынды фактілер бар деген пікірге келді. Әрі қарай мәселенің мән-жайын анықтаумен құзырлы органдар айналысады. Балалар мүдделерін қорғаушылар болса, қолдағы ақпаратпен бөлісуге дайын. 

Вячеслав Калюжный, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің басшысы:

- Біз бұл істі түйіндеп болдық. Енді мемлекеттік органдардың өкілдерін тыңдаймыз; оларға нұсқау береміз. Бұдан кейін міндетті түрде белгілі бір жауап болуы тиіс. Шенеуніктер атқарған жұмыстары туралы есеп береді, яғни жүйелі шаралар қолға алынбақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть