Жарияланды: 17200

"Сауап болды сендерге. Елді тастап кетіп едіңдер": Түркияда жүрген танымал блогер өздерін табалаған қазақтар туралы айтты

"Сауап болды сендерге. Елді тастап кетіп едіңдер": Түркияда жүрген танымал блогер өздерін табалаған қазақтар туралы айтты

Түркиядағы жағдай біршама елді алаңдатып отыр. Қазақстан азаматтары жан-жақтан қор жинап, жер сілкінісінен зардап шеккен түрік халқына қол ұшын созуда.

Жалпы, Түркияда тұрып жатқан қандастарымыз да аз емес еді. Әсіресе, өнер жұлдыздары, елге белгілі азаматтарымыз бір кездері түрлі себептермен түрік еліне жаппай көшкен. Солардың бірі кәсіпкер, блогер Берік Құтпанбай қазіргі таңда Стамбул қаласында отбасымен бірге тұрады. Айтуынша, әлі де ауа райы бұзылып, дауыл үдеп, тұрғындардың үрейін ұшырып тұрған көрінеді.

Caravan.kz медиа порталы Берік Құтпанбаймен байланысып жағдайды білді.

"Біз Стамбул қаласындамыз. Бізде де жер сілкінісі болды. Басы жаңбырмен басталып соңы дауылға ұласты. Қазақстанда ондай боран көрмеппін. Токтар бір-біріне тиіп атылып жатты. Үйде жарық сөніп қалды. "Құдай сабыр берсін", деп ұйқыға жатып қалдық. Таңғы сағат 5-тер шамасында қызымыз жылап оянды. Сөйтсек бала сезген екен. Люстра қозғалып тұрды. Жер сілкінгенін сездік. Стамбулда кеше де болған деп жатыр. Бірақ онысын сезбедік. Ауа райы әлі өзгерген жоқ. Боран, қар, жаңбыр жауып жатыр", - дейді ол.

Сондай-ақ, қазаққа белгілі азаматтар жиылған чат барын, сол әлеуметтік желінің көмегімен бір-бірінен жағдай білісіп отырғанын айтты. 

"Айнұр Тұрсынбаева әпкеміз сияқты елге белгілі біраз азамат бар ол чатта. Таң атысымен бәрінен қал-жағдай сұрасып жатырмыз. Қаза болған, болмаса басқа нәрсеге ұрынған қандас бауырларымыз жоқ екен. Бәрі аман-есен. 

Әркімнің пікірі әр түрлі. Бірі амандығымызды біліп жатса, оқырмандарымыздың арасында "Сауап болды сендерге. Елді тастап кетіп едіңдер" деген сияқты пікірлер болды. Қазақтың бір-бірін көре алмайтыны жаман. Біз мұнда жетіскеннен жүрген жоқпыз бала шағамызды арқалап алып. Әйтеуір бірдеңе жасайық, еңбектенейік деп келдік. Ал, шынымен алаңдап жанашырлық танытып жатқан ел-жұртқа рақмет", - дейді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін