Сауд Арабиясы мұсылман елдерін қажылыққа жоспар құрмауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауд Арабиясы мұсылман елдерін қажылыққа жоспар құрмауға шақырды

Сауд Арабиясы мұсылман елдерін қажылыққа жоспар құрмауға шақырды

Сауд Арабиясының қажылық және умра министрі барлық мұсылман елдерін коронавирус пандемиясы тоқтағанша Меккеге қажылыққа баруды жоспарламауды сұрады.

  • 1 Сәуiр 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы abai.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл шілде айының соңында басталатын қажылық маусымы коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілуі мүмкін. Жыл сайын әлемнің барлық елінен 2,5 млн мұсылман Сауд Арабиясына барады.

"Әл-Жазира" телеканалының хабарлауынша, қажылық және умра министрі Мұхаммед Салех ибн Тахир "Әл-Ахбария" телеканалы арқылы елінің қажылық сапарға келушілерді қабылдауға дайын екенін, бірақ бәрінен олардың денсаулығы маңызды деп мәлімдеген.

Қазір Сауд Арабиясы елінде коронавирус анықталғандардың саны мың жарымнан асты. 10 науқас көз жұмды.


Елдің мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Мекке және Мадина қалаларына жыл сайын миллиондаған адам қажылыққа барады. Сауд Арабиясы былтыр 49 мемлекетке жаңа туристік виза енгізген.

Соңғы жаңалықтар