Сауд Арабиясы ҚР Үкіметінен қазақстандық астықтың экспорты үшін жеңілдіктер сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауд Арабиясы ҚР Үкіметінен қазақстандық астықтың экспорты үшін жеңілдіктер сұрады

Сауд Арабиясы ҚР Үкіметінен қазақстандық астықтың экспорты үшін жеңілдіктер сұрады

Сауд Арабиясы ҚР Үкіметінен қазақстандық астықтың экспорты үшін жеңілдіктер жасауды сұрады.

  • 13 Мамыр 2015
  • 491
Фото - Caravan.kz

Бұндай ұсынысты  бүгін Астанада екі елдің өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан бизнес-форумда Сауд Арабиясы Сауда палаталары кеңесінің төрағасы Абдулрахман әл-Замил айтты.

«Екі елдің кәсіпкерлер кеңестерінің жұмыстары жанданғаннан кейін, ҚР Үкіметі астықты Қазақстаннан Сауд Арабиясына экспорттау үшін жеңілдіктер ұсыну тұрғысында министрліктермен бірге тиісті шешімді табуымыз керек. Себебі қазақстандық астықтың сапасы өте жоғары»,-деді Абдулрахман әл-Замил.

 Сонымен қатар ол өз сөзінде екі ел арасында мұнай химиясы саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін жеткізді. «Біз Қазақстанмен мұнай химиясы өнімдерін жеткізу бағытында қатынастарды дамытуға ниеттіміз»,-деді ол.


Мұнымен қоса Сауда палаталары кеңесінің төрағасы бірлескен жобаларды жүзеге асыру табысты болуы үшін екі ел арасында тікелей әуе бағдарларының санын көбейту керектігін атап өтті.