Сауд Арабиясында алғаш рет Хэллоуин мерекесі тойланды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауд Арабиясында алғаш рет Хэллоуин мерекесі тойланды (ВИДЕО)

Сауд Арабиясында алғаш рет Хэллоуин мерекесі тойланды (ВИДЕО)

Бірнеше жыл бұрын ең консервативті ислам елі болған Сауд Арабиясында Хэллоуиннің ауқымды мерекесі мұсылмандардың әлемнің әртүрлі елдеріндегі аралас реакциясын тудырды.

  • 31 Қазан 2022
  • 2786
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Іс-шараға қатысқандар әртүрлі костюмде, әртүрлі кейіпте болды. Мұнда қанды медбикелер, кез-келген талғамға және түске арналған құбыжықтар, кино зұлымдары, зұлым рухтарды бейнелейтін тіршілік иелері және т.б образдаға адамдар болды.

Алайда, Сауд Арабиясында бұл мерекені барлық адамдар бірдей қуанып қабылдамады. Сыншылардың пікірінше, бұл Сауд Арабиясының жат мәдениеті туралы ғана емес, Батыс дәстүрінде кездесетін өлім мен некрофилизмге табынушылықты насихаттау болып табылады.

Естеріңізге салсақ, кеше Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 151 адам мерт болды. Оның ішінде, Қазақстанның азаматшысы да бар болып шықты. 1996 жылы өмірге келген ақтөбелік Сеулдің Итэвон ауданында жүріп мерт болды.


 

Соңғы жаңалықтар